Жетісуда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық шеру өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорғандағы «Жастар» саябағынан басталған шеру Ж.Балапанов, Б.Әшімов көшелерімен жүріп өтіп, Талдықорған — Алматы тас жолының бойындағы 92 метр биіктікте орнатылған Мемлекеттік Ту тұғырына табан тіреді.

Рәміздер
Фото: Жеңіс Ысқабай

Шеруге қатысушылардың қолында жалаулар желбіреп, жастар өкілдері елдің бостандығы мен тәуелсіздігінің басты нышандары ретінде қолдарында 12 м х 6 м болатын МемлекеттікТу мен Мемлекеттік Елтаңбаны қоса алып жүрді.

Рәміздер
Фото: Жеңіс Ысқабай

300-ге жуық адам сап түзеген патриоттық шараға спортшылар, еріктілер, саяси партиялар, «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары, велосипедшілер, жас кадетшiлер, жастар, шығармашылық зиялы қауым қатысты.

Рәміздер
Фото: Жеңіс Ысқабай

Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтіп, Әнұран шырқалды.

Мерекелік іс-шара ту тұғырының жанында жалғасты. Концерттік бағдарлама ұсынылып, «Көк тудың желбірегені», «Байтақ далам», «Атамекен» патриоттық әндері орындалды.

Рәміздер
Фото: Жеңіс Ысқабай
Соңғы жаңалықтар