Жезқазған әкімі барлық мектеп оқушылары шахмат ойнап, домбыра тартуды үйренуі тиіс деп санайды
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазған қаласының әкімі Қанат Балмағамбетов қалалық білім бөліміне мектептерде спорттық және музыкалық факультативтер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала басшысы балалар шахмат ойнап, домбыра тарту өнерін игеруі үшін қажетті жағдайлар жасауды ұсынады. Бұл жерде әңгіме олардың қалауы бойынша үйірмелер ұйымдастыру туралы емес, міндетті қосымша сабақтар жүргізу жөнінде болып отыр.