13:44, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
                                        «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» магистральдарының құрылысына 500 млрд. теңге жұмсалды
                                            ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл»  құрылысына 500 млрд. теңге жұмсалды. Бұл туралы осы темір жолдардың ашылу салтанатында Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
                                        
                                        
                                     
                                              Ол жаңа стансалар желілерін іске қосу - Қазақстан экономикасы дамуының мүмкіндіктері екенін атап өтті.
«Бұл жолға мемлекет 500 млрд. теңге жұмсады. Бұл Қазақстан мүмкіндігі мен таңдаған бағытымыздың дұрыстығын бейнелейді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.