Жезқазған қаласының есірткі жарнамалаған тұрғынына сот үкімі шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Жезқазған қаласында ақшалай сыйақы үшін интернет-сайттардың мекенжайларына есірткі жарнамасы туралы хабарландыру қалдырғаны үшін 26 жастағы жігіт ұсталды.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform агенттігі

Жергілікті прокуратурадан жазғандай, ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі заттарын тарату және оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Ұлытау облысында балабақша бухгалтері 16 млн теңгені жымқырып қалған.

Соңғы жаңалықтар