11:08, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Жезқазған мыс қорыту зауытындағы оқыс оқиға салдарынан әйел мерт болды
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2 қазан күні, кешқұрым Жезқазған мыс қорыту зауытында қайғылы оқиға орын алды.

Оның салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. Жоғары тұрған құрылғыны төменге ауыстырып жинау кезінде жарақат алған әйел сол жерде жан тапсырды.
Қазір бұл келеңсіз жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды.
Қазақмыс Тобының қызметкерлер мен басшылары оның әріптестерінің, отбасы, достары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.