Жезқазған өңірі 223,6 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады - Б.Жәмішев

«Өңірді дамыту жоспарына қосымша 50 іс-шара енгізілген, олардың 8-і минералды-шикізат базасын кеңейтуге, 14-і - индустриалдық-инновациялық даму бойынша және 28-і - өңірдің коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымына бағытталған», - деді Б.Жәмішев.
Сондай-ақ, ол мәлімдегендей, қосымша қаржыландырудың жалпы сомасы 223,6 млрд теңгені құрайды, оның 93,1 млрд теңге сомасы республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке - 9,1 млрд теңге және 121,4 млрд теңге көлеміндегі бюджеттен тыс қаражатқа тиесілі.
«Біріншіден, Жезқазған өңірінің кейбір нысандарын көшіруді және салуды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша іс-шаралар енгізілді», - деп атап өтті Өңірлік даму министрлігінің басшысы.
«Екіншіден, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жезқазғанның кен орындары топтарын төмен рентабельді санатқа, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда жоғары тұтқыр, суландырылған, аз дебиттік немесе өндірілгендер санатына жатқызу бойынша іс-шаралар енгізілді. Салық заңнамасына сәйкес жоғарыда айтылған өндіріс шарттарына байланысты ПҚӨС бойынша жеке мөлшерлеме орнату бойынша мәселелер қаралады», - деп түсіндірді ол.
Жалпы Б.Жәмішевтің айтуынша бүгінгі таңда ұсынылған 2020 жылға дейінгі Кешендік жоспарда қаржыландыру көлемі 351,5 млрд теңге болатын 88 іс-шара бар, олардың 169 млрд теңгесі республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке - 21 млрд теңге және бюджеттен тыс қаражатқа -160 млрд теңге тиесілі.