Жезқазған түбінде зымырантасымалдағыш апатының салдарын жою бойынша оқулар өтті
ҚАРАҒАНДЫ. 13 қазан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін Қарағанды облысының Жезқазған ауданында зымырантасымалдағыш апатының салдарын жою бойынша арнайы тактикалық оқулар өтті.
Бұл туралы Жезқазған қаласы төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлады.
Оқулардың өтетін орны ретінде Жезқазғаннан 20 шақырымда орналасқан Талап ауылы таңдалған. Іс-шараға апаттық-құтқару қызметтерінің жұмысшылары, басқару органдарының өкілдері қатысты.
Оқуларға аймақтың радиациялық ластануы салдарынан адам өміріне қауіп туған жағдайда халықты қауіпсіз жерге көшіру іс-қимылы енген.
«Оқулардың қорытындысы бойынша құтқарушылардың, медицина қызметкерлері мен қоғамдық тәртіп сақшыларының жоғары деңгейдегі кәсібилігі байқалды», - делінген хабарламада.