Жезқазған тұрғынынан 240 грамм героин алынды
ҚАРАҒАНДЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласының 42 жастағы тұрғынынан 240 грамм героин алынды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«5 маусым күні Жезқазған қаласында «Көкнәр-2013» жедел алдын алу шарасы барысында ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Пушкин көшесіндегі пәтерде тінту жүргізу кезінде 42 жастағы ер адамнан 1,1 грамм героин алынды. Кейін Б. Момышұлы көшесіндегі осы азаматтың пәтерін тінту барысында тағы 237,73 грамм героин табылды», - делінген хабарламада.
Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 238,83 грамм. «Бұл ірі көлемге жатады», - деп атап өтілген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.