Жезқазғанда 3 жасар баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген, деп хабарлайды Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

буллинг
Фото: pixabay.com

Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.

— Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Сот үкімі күшіне енді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Осыған дейін Астанада екі жасар бүлдіршін бақшада буллингке ұшырағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар