Жезқазғанда әтір мен аққайнарды «сыйлыққа алған» шенеунікке ірі көлемде айыппұл салынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында аққайнар және иіс суды сыйлыққа алғаны үшін шенеунікке жарты миллион теңгеден астам көлемде айыппұл салынды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

«Жезқазған мамандандырылған әкімшілік сотымен «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ Жезқазған еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы қызметіндегі Сәлімжан Әуезовке қатысты ҚР ӘҚК 533-1 бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қаралды», - делінген хабарламада.

Сот С.Әуезовты әкімшілік тәртіп бұзғаны үшін айыпты деп танып, оған 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 555,6 мың теңгеге айыппұл салды.

Іс қағаздарында көрсетілгендей, қадағалаушы ұйым басшысына қатысты балабақшалардың бірінің директоры арызданған. Бұл мектепке дейінгі мекемеде еңбек қауіпсіздігінің сақталуы бойынша жоспарлы тексеруден өткізілуі тиіс болған. Тексеруші болып тағайындалған С.Әуезов бірнеше рет балабақша директорына телефон шалып, «тексеріске қатысты жайттарды талқылауға» шақырған.

Балабақша директоры еңбек инспекциясы бөлімі басшысының кабинетінде болғанында оған құны 2100 теңге тұратын иіс су мен бағасы 400 теңге болатын аққайнарды сыйлық ретінде ұсынған. Сыйлықты беру сәті бейнебақылауға түсіп қалған.

Балабақша директоры бұған дейін С.Әуезовтың жоспарлы тексеруде оң нәтиже шығаруы үшін алдын ала «ризашылық білдіру» қажеттігіне ишара білдіргенін айтады.

Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, жазаға тартылушы оған аппеляциялық инстанциялар арқылы шағымдана алады.

Соңғы жаңалықтар