Жезқазғанда құрылыс саласынан 427 млн теңгенің заң бұзушылығы анықталған

Жоғары аудиторлық палата
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Жезқазған қаласының әкімдігі биыл бірінші жартыжылдықта Жоғары аудиторлық палата анықтаған құрылыс жұмыстарындағы заң бұзушылықтарды қалыпқа келтірді. 

Еске сала кетейік, Ұлытау облысында бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында бірқатар олқылық, оның ішінде сәулет және құрылыс қызметінде бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Жезқазғанда орындалмаған құрылыс жұмыстарын қабылдау және құрылыс материалдарын сапасы мен сипаттамалары бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарына ауыстыру фактілері орын алған. 

Қала әкімдігіне анықталған барлық бұзушылықты жою тапсырылды.

Нәтижесінде қыркүйектегі жағдай бойынша 427 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйлерде, жылу желілерінде және басқа да коммуналдық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджетке 2,8 млн теңгеден астам қаражат өтелді.

Ұлытау облысындағы мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген нұсқаманың өзгеде тармақтарының орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.

Соңғы жаңалықтар
telegram