Жезқазғанда Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлытау үні» аймақтық фестивалі өттіі

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазғанда өткен «Ұлытау үні» дәстүрлі фестивалі биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналды.

Жезқазғанда    Ұлы жеңістің  65 жылдығына арналған «Ұлытау үні»    аймақтық  фестивалі  өттіі

Фестиваль биыл 20-шы рет өтіп отыр. Жаңа дарындарды ашатын және жаңа жұлдыздарды жағатын бұл фестивальді қала тұрғындары асыға күтеді, деп хабарлады мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен.

Фестивальдің ашылу салтанаты С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драмалық театрының сахнасында өтті. Фестиваль жалауын көтеру құрметі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Серік Бұлғақбаев пен мәдениет қайраткері Байқара Сәдуақасовқа берілді.

Фестивальге тек Жезқазған өңірінің ғана емес, облыстың басқа да аудандарының дарындары қатысты. Фестиваль бағдарламасының аясында дәстүрлі әндер орындаушыларының конкурсы, эстрада әндерін орындаушылардың «Жұлдыз -2010» конкурсы, күйшілер бәсекесі өтті. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған жазба ақындар мүшәйрасының қорытындысы шығарылды. Фестиваль аясында сондай-ақ мәдениет қайраткері Майра Серкебаеваның «Бақытты адамдарды көргім келеді» атты көрермендермен сырласу кеші өтті.