ЖИ саласындағы қолдау: Қазақстан мен Coursera ынтымақтастықтың келесі кезеңіне өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президентінің Нью-Йоркте АҚШ іскерлік орталарымен кездесуі барысында Coursera бас директоры Грег Харт Kazinform меншікті тілшісіне берген сұхбатында біздің елмен ынтымақтастық тәжірибесімен және болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.

о
Фото: Рустем Кожыбаев / Kazinform

Үш жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Coursera Қазақстанмен керемет серіктестікке жол салған келіссөз жүргізді, ол Coursera жетекші университеттер мен салалық серіктестер курстарының кең ауқымын қазақстандық студенттерге қолжетімді етуді көздеді.

Мақсат Қазақстандағы барлық студенттерге мазмұны Coursera платформасында қолжетімді әлемдік деңгейдегі университеттердің мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беру болды.

- Соңғы үш жылда қазақстандық студенттер 350 мың сертификат алды. Олар оқуға миллионға жуық сағат жұмсады және олардың үлгерім көрсеткіші 78% құрайды, бұл – керемет статистика", - деп атап өтті Грег Харт.

Бұл серіктестіктің негізін құрады, және қазір Coursera қазақстандық AI SANA бастамасына жылына 1000 жасанды интеллект стартаптарын құруға көмектесу үшін ынтымақтастықтың келесі кезеңін кеңейтіп отыр.

- Менің ойымша, Қазақстан бізді өзінің инновацияларымен және жасанды интеллектті одан әрі дамыту қажеттілігін мойындауымен таң қалдырды, - деп атап өтті Грег Харт қазақстандық тарапқа және америкалық серіктестерге сөйлеген сөзінде.

Серіктестік аясында Coursera Қазақстанға елде жасанды интеллект енгізудің келесі кезеңіне өтуге көмектесуді жалғастырады.

- Менің ойымша, бұл шын мәнінде бүкіл әлем үшін болашақта қолданатын үлгі және экономикалық орта басқа америкалық компаниялар тарапынан инвестицилар үшін дайын, - деп бөлісті Грег Харт.

Coursera – жаппай онлайн білім беру саласындағы онлайн курстар түріндегі оқу материалдарын жариялауға арналған платформа.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Educational Testing Service (ETS) компаниясы және Смитсон институты жетекшілерімен кездесулері жөнінде пікір білдіргенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар