"Жігіт сұлтаны" - орыс ұлтынан - БАҚ

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден бақылау департаментінде мемлекеттік тілде «Жігіт сұлтаны» атты байқау өтті.
None
None

Ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының орынбасары Олег Галицкий қатысып отырғандардың ішінен жалғыз орыс жігіті. Олег аталмыш байқауда жеңімпаз атанды. Бұл туралы бүгін «Экспресс-К» басылымы жазып отыр.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл шараның мақсаты, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау болып табылады. Бес қатысушы қазылар алқасын қазақ тілінде қарсы алып, өздері туралы айтып берді. Оған қоса, олар ән айтып, тақпақты мәнерлеп оқып, күш пен ептілікте сынасты.

Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, фольклорын жақсы білуімен Олег Галицкий бәрін таңқалдырды. Екінші орынды кинология қызметінің өкілі Асан Тілеуқабылов қанжығасына байлады. Ал үшінші орынға «Петропавл - кеденінің рәсімдеу орталығы» бекетінің маманы Бауыржан Салтаев шықты.

Соңғы жаңалықтар