Жыл басынан 22 мыңнан астам адамның еңбек құқығы қорғалды - министр
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылы мемлекеттік еңбек инспекциясы 2400-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті.
- Еңбек заңнамасын сақтау және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында 2026 жылы мемлекеттік еңбек инспекциясы 2400-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша еңбек заңнамасын бұзудың 2800-ге жуық дерегі анықталды. Орындалуға міндетті 1 630 нұсқама берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды, - деді А. Ертаев.
Оның атуынша, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар өндірістік жарақаттану деңгейін азайтуға көмектеседі. 2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны 4,5%-ға төмендеді (1408 жағдайдан 1345 жағдайға дейін). Ал, өлімге әкелген жазатайым оқиғалар саны шамамен 8%-ға азайды (202 жағдайдан 188 жағдайға дейін).
- Зардап шеккендердің ең көп үлесі тау-кен металлургия кешені (16%), құрылыс саласы (10%) және мұнай-газ секторы (5%) кәсіпорындарында байқалды, - деді министр.
Бұған дейін хабарланғандай, Асқарбек Ертаев 480 мыңға жуық адам еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтінін айтты.