Жыл басынан бері 2,2 млрд теңгеге тұтынушылардың құқығы қорғалды
АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылы 10 айдың ішінде тұтынушылардың құқығын бұзған 696 бизнес субъектісіне 23 млн теңгеге айыппұл салынды.
- Биыл 10 айда өңірлік департаменттер 1080 кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізіп, 31 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Оның нәтижесінде 696 бизнес субъектісіне 23 млн теңгеге айыппұл салынды және 347 бизнес субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге тұтынушылардың құқығы қорғалды, - деді Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда сатушыға қалай наразылық хат жолдауға болатыны туралы жазған болатынбыз.
Еске сала кетейік, Мәжіліс былтыр қыркүйекте тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады.