Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жыл басынан бері 23 мыңнан астам қазақстандық турист Тәжікстанға барған

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстанның туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп, 2026 жылдың қорытындысы бойынша 2 миллионнан астам шетелдік турист қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі. 

Жыл басынан бері 23 мыңнан астам қазақстандық турист Тәжікстанға барған
Фото: Мадибек Джанибеков / Kazinform

Тәжікстанның Туризмді дамыту комитетінің төрағасы Джамшед Джурахонзода есептік баспасөз мәслихатында 2026 жылдың алғашқы жартысында елге 889,4 мың шетелдік турист келгенін айтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға көп.

Шетелдік туристердің 90%-ы ТМД елдерінен келген, қалғаны алыс шетел мемлекеттерінің азаматтары.

Ең көп турист Өзбекстаннан келген – 510,4 мың адам. Одан кейін Ресей – 175,8 мың, Қырғызстан – 89 мың, Қазақстан – 23,1 мың және Қытай – 22,7 мың турист тіркелген.

Комитет басшысы Тәжікстан үшін экологиялық, аграрлық, мәдени және тарихи туризм басым бағыт болып қала беретінін атап өтті. Сонымен қатар билік шалғай өңірлерде қонақүйлерді, кемпингтерді, ұялы байланыс қызметін және туристік инфрақұрылымды дамытуға ниетті.

Оның айтуынша, туризм саласын ынталандыру шараларының нәтижесінде 2026 жылдың қорытындысында Тәжікстанға келетін шетелдік туристер саны 2 миллионнан асады деп күтілуде.

Бұған дейін Тәжікстанда Ұлттық туризм қауымдастығы құрылғаны хабарланған болатын.