Жыл басынан бері 3 миллионнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды — ІІМ

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел қызмет қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жол полициясы
Фото: Алматы қаласының Полиция департаменті

Ведомствоның мәліметінше, жол қауіпсіздігі саласында 3 млн астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тоқтатылып, бұл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен жарақат алғандардың санын азайтуға ықпал етті. Ведомство басшысы барлық мемлекеттік органдар мен қоғамды тарта отырып, жүйелі профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

Кеңейтілген алқа отырысында қылмыс көрсеткіші 9%-ға төмендегені айтылды. ІІМ жаңа міндеттерді айқындады. Жеке құрамға бақылауды күшейтіп, әрбір құқықбұзушылық фактісіне принципті баға беру және жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету тапсырылды.