Жыл басынан бері 500-ден астам павлодарлық қаржы пирамидаларына алданған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жыл басынан бері 5 ірі қаржылық пирамида анықталған. Ал жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам қаржы тұрғындарға қайтарылған.

Қаржы пирамидасынан зардап шеккендер азаяр емес – Сенатор
Фото: pixabay.com/Max Zolotukhin

Павлодар облысында соңғы жылдары қаржыны жымқыру деректері бойынша 24 қылмыстық іс аяқталған. Нәтижесінде 400 млн теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылған. Жыл басынан бері 5 ірі қаржылық пирамида анықталды. Бұл ретте «HAS», «Q-Net», «TAKORP», «Автолюкс», «Asar Baspana» пирамидаларының жұмысы тоқтатылды. 500-ден астам адамның құқығы қорғалды. Жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам қаржы халыққа қайтарылған.

- Биыл қаржылық пирамидаға ақшасын салған 500-ден астам адам алданған. Олар ең азы 100 мың теңгеден бастап, ең көбі 100 млн теңгеге дейін қаражатынан айырылып отыр, - дейді облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Ғалиасқар Қасымов.

Еске сала кетейік, Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі кесілді.

 

Соңғы жаңалықтар