Жыл басынан бері Алматының визит орталықтарына қанша шетелдік турист барған

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда туристік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова айтты.

Көлсай маңында қаптаған мейманхана мен киіз үйлер
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оның айтуынша, бүгінде қалада туристер ең көп баратын орындарда орналасқан 8 визит орталық жұмыс істейді. Олар Омарова, Панфилов, Зенков, Байтұрсынов, Тимирязев көшелерінде, Достық даңғылында және «Медеу» биік таулы спорт кешенінің аумағында орналасқан. Мұнда келушілер қаланың көрікті жерлері, экскурсиялық бағыттар, мәдени іс-шаралар және туристік өнімдер туралы толық ақпарат ала алады.

2026 жылдың 5 айында визит орталықтардың қызметіне 3 604 адам жүгінген. Оның 80%-ы, яғни 2 813-і шетелдік туристер болса, ішкі туристер — 791 адам.

Ғалия Тоқсейітова
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

— Визит-орталықтарды туристер үшін заманауи әрі қолайлы етуге мүмкіндік беретін жаңа үлгіні әзірлеп жатырмыз. Бұл жұмыста әлемнің үздік тәжірибелері негізге алынды. туристік инфрақұрылымды дамыту тек ақпараттық қызметпен шектелмейді. Сонымен қатар әуе қатынасын кеңейту, қонақ үй желісін дамыту, тау инфрақұрылымын көркейту және жаңа туристік нысандар салу бағытында да жүйелі жұмыстар қолға алынған, — деді Ғалия Тоқсейітова.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы визит-орталықтар жаңа форматқа ауысуы мүмкін екенін жазғанбыз.