Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың рейтингін жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: No Limit Boxing

Рейтингтің бірінші орнын Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) иеленді. Қазіргі таңда ол орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Алайда жуырда ол допинг дауына іліккен. Егер боксшының кінәсі дәлелденсе, оған дисквалификация мен чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.

Қазақстандық үздік үш боксшылардың қатарына сондай-ақ Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.

Ал үздік ондықтағы өзге спортшылар мыналар:

  • Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO),

  • Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO),

  • Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO),

  • Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO),

  • Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO),

  • Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO),

  • Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).

Бұған дейін қазақстандық Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымы жариялаған байқауда жылдың үздік боксшы атағына ие болды.

Сонымен қатар, отандық боксшы Наталья Богданова — 2025 жылғы әйелдер арасындағы «Жанкүйерлер таңдауы бойынша үздік боксшы» атанғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар