Жыл соңына дейін дәрі-дәрмек қымбаттай ма – министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында дәрі-дәрмектің бағасы туралы пікір білдірді. 

Жыл соңына дейін дәрі-дәрмек қымбаттай ма – министр жауабы
Фото: freepik

«Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен байланысты баға өсуін күтіп отырған жоқпыз. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасы жыл аяғына дейін өсе ме, жоқ па, оны айтуға дайын емеспіз», - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, дәрі-дәрмектің бағасы да елдегі экономикалық ахуалға тәуелді. 

«Өйткені бөлшек сауда нарығы бәсекелі орта болып есептеледі. Яғни, министрлік бұл нарықты толықтай реттей алмайды», - деді Ақмарал Әлназарова.

Соңғы жаңалықтар