Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өсе ме — министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы қаншалықты өседі. Бұл сұраққа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жауап берді.

Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өсе ме — министр жауабы
Фото: Freepik

— Бұл нарық болғаннан кейін, оның құнына қатысты нақты айта алмаймын. Отын құны өседі деген бағдарлама жоқ. Баға ішкі сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады, — деді А. Ақкенженов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол биылғы ақпан айынан бастап бензин мен дизель отынына мемлекеттік реттеу алынып тасталғанын еске салды.

— Сондықтан қазір баға ішкі сұраныспен және тұтыну көлемі арқылы айқындалып жатыр, — деді министр.

Жыл басында елімізде бензин мен дизель бағасын мемлекет реттемеуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар