2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Атырауда темір қабылдау пунктінің аумағында екі вагон өртенді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласында темір қабылдау пунктінің аумағында пайдаланылмай тұрған екі теміржол вагоны өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Атырауда темір қабылдау пунктінің аумағында екі вагон өртенді
Фото: Видеодан скрин

Өрт 25 қыркүйекте Құттығай батыр көшесі, № 15 мекенжайында орналасқан темір қабылдау пунктінің аумағында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын 17:48–де оқшауланды. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен арнайы техникасы жұмылдырылған.

— Зардап шеккендер жоқ. Вагондардың ішінде ешқандай зат болмаған. Қызыл жалын жақын маңдағы ғимараттарға таралмаған, — деді ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін 24 қыркүйекте Атыраудағы KPI зауытынан өрт шыққанын жаздық.