Жылыой ауданынан 1942 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтініш берді
АТЫРАУ. KAZINFORM – Жем өзенінің тасқын суы басқан Жылыой ауданынан 1942 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтініш берді.

Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, тасқыннан зардап шеккен отбасыларға 100 айлық есептік көрсеткіш мқлшерінде әлеуметтік төлем беру көзделген.
«Жылыой ауданындағы тасқыннан зардап шеккен отбасыларға берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің мөлшері – 369 мың 200 теңге. Бір реттік төлемді алу үшін төрт құжат тапсыру қажет. Бұл – төлем алуға өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, банктеен ашылған арнайы ееспшот, жергілікті әкімдіктен берілген анықтама. Бүгінге дейін 1942 отбасының өтініші қабылданды», - деді Азамат Мәмбетов.
Оның айтуына қарағанда, бір реттік көмек алу үшін өтінішті 2800 отбасынан қабылдау жоспарланған. Қазір өтінішті қабылдау Құлсары қаласы мен «Теңіз» кен орнындағы эвакуациялық пунктте қабылданып жатыр.
Еске сала кетелік, Құлсары қаласында сауда орындары ашылып, автобус жүре бастағанын хабарлаған едік.