Жылуға қарыз 2 млрд теңге: Алматылықтардың шоты бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салынып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алматы жылу желілері» ЖШС жылу энергиясы үшін борышы бар тұрғындардан қарызды сот арқылы өндіріп жатыр. 

Жылуға қарыз 2 млрд теңге: Алматылықтардың шоты бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салынып жатыр
Фото: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, борышкерлердің мүлкіне, банк шоттарына және олардың шетелге шығуына тыйым салынады. Сонымен қатар қарызды толық өтемейінше ыстық су беру тоқтатылады.

Жылуға қарыз 2 млрд теңге: Алматылықтардың шоты бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салынып жатыр
Фото: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

— Қарыз туралы бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, тұтынушылардың бір бөлігі коммуналдық қызметті жеткізушінің заңды талаптарын елемей жатыр. Жыл басынан бері Алматыда жылу энергиясы үшін төлем жасамаған 600-ден астам абонентке ыстық су беру шектелген. Сонымен қатар заңды тұлғаларға сотқа дейінгі 3345 талап жіберілді. Жылумен және ыстық сумен жабдықтау үшін қарызы бар 5184 тұрғыннан қарызды өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді. Ол үшін сотқа талап-арыз берілді, сондай-ақ нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау үшін арыздар жіберілді, — деп хабарлады компаниядан.

Жылуға қарыз 2 млрд теңге: Алматылықтардың шоты бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салынып жатыр
Фото: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Сондай-ақ коммуналдық қызметке төлем жасамаған 1 754 борышкерге қатысты бірқатар шектеу шаралары қабылданған:

— 926 борышкердің мүлкіне тыйым салынды; — 822 банктегі шоттары бұғатталды; — 254 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынды;

— 144 азаматтың жалақысы мен өзге де табысынан берешек ұсталды.

Бүгінгі күні Алматыда ыстық су мен жылу үшін қарыз шамамен 2 млрд теңгеге жеткен.

Еске салайық, бұған дейін электр энергиясына қарызы бар алматылықтар жарықтан ажыратылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар