«Жинақ банкі» еншілес банкі» АҚ қазан айында процессинг орталығын іске қоспақ

АЛМАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Жыл басында айтқанымыздай, біз ақпараттық технология мен бизнеске қатысты 2 үлкен жобаны жүзеге асырып жатырмыз", - деді «Жинақ банкі» еншілес банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Олег Смирнов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында.

«Жинақ банкі» еншілес банкі» АҚ қазан айында процессинг орталығын іске қоспақ

«Қазан айында процессинг орталығы іске қосылады. Бұл Қазақстандағы дербес 8-процессинг орталығы болмақ. Ол эмиссия мен банк кәртішкелерін қолдайтын болады. Ал желтоқсанда бөлшектік блог үшін «Несиелік фабрика» іске қосылады», - дейді Олег Смирнов.

Оның айтуынша, «Несие фабрикасы» - заем алатын жеке тұлғалардың тәуекелін барынша дәл анықтайтын технология. Соның арқасында банк қысқа мерзімде, атап айтқанда 2 күннің ішінде стандартты несиелер бойынша шешім қабылдауға қол жеткізбек. Ол жеке тұлғалардың несиелік ресурстарға қол жетімділігін айтарлықтай жеңілдететін болады. Қазір олар осы технология бойынша белсенді түрде жұмыстар жасауда. Ресей банктерінде қолданылып жатқан бұл технолгия қазіргі таңда өз тиімділігін көрсетуде.