Жиырмадан астам қала тұрғыны әккі ұрының құрбаны болды

деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
- Виктория жарты өмірін темір тордың арғы жағында өткізді. Ол алғаш рет 17 жасында есірткі заттарын сатқаны, сақтағаны үшін екі жылға балалар колониясына түседі. Ары қарай ол алаяқтық және бірнеше ұрлық қылмысымен мерзімдерін өтеді. Бостандықта дұрыс өмір сүруді үйрене алмаған ол қайта-қайта жымқыру жасап, түрме камерасына орала берген. Кәсіпқой ұры соңғы рет Павлодарлық колонияда отырып, жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарға қол жеткізді, - дейді №2 қалалық полиция бөлімінің аға тергеушісі полиция аға лейтенанты Руслан Қасымов. Виктория бостандыққа шыққан соң, Тараз қаласындағы анасына оралады. Қалада болған бес ай ішінде ол отыздан астам қала тұрғынын тонап үлгерген.
Жақын күндері тергеуші Р.Қасымов тергеуді аяқтады және бұрын 4 рет сотты болған В.Варламова бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол өзгенің мүлкін ұрлаудың 21 дерегі бойынша бір жарым миллион теңгеден астам сомада залал келтірген. Тәртіп сақшылары жалпы құны 300 мың теңгені құрайтын бірнеше ұялы телефондарды, сөмкелерді, алтындар мен басқа да заттарды заңды иелеріне қайтарды. Полицейдің айтуынша, қаскүнем-әйел есірткі мен тамаққа ақша табу үшін кез-келген әдісті қолдана білген. Ол қоғамдық көліктерде, базарларда, сонымен қатар мекемелер мен дүкендерде «қолдарымен» епті жұмыс істеді. Ұры азаматтардың ұқыпсыздығы мен сенгіштігін пайдалана отырып, орта жастағы әйелдерді де, студент қыздарды да аямады. Бірер минутқа киім өлшейтін орындарда, дүкен сөрелерінде және өзге де жерлерде қараусыз қалған сөмкелер, телефондар мен басқа да заттар әйел кейпіндегі «жыртқыштың» олжасы болған. Сырт көзге сыпайы болып көрінетін әйел қылмысты шеберлікпен ұйымдастырды және ізін әдемі жасыра білген. Оның шыдымдылығы лажсыз таңқалырды. Қаскүнем өзінің таңдаған құрбанын «жеңіске» жеткенге дейін аңдыған. Ол кәсібін әсіресе киім-кешек сататын базарларда, адам көп шоғырланған жерлерде оңай жүзеге асырды. Ұры саусақтарын епті біріктіру арқылы қол сағаттарын еркін шешіп қана қоймай, әмияндарды және басқа да бағалы заттарды еркін иемденді. Керемет алдау мен өз болмысын жасыруға көмектесетін жұмсақ та айшықты көздері оны қарапайым адамдардан ерекшелемеді.
Тергеуші Руслан Қасымов оның әрекеттерінен аса қауіпті қылмыстың қайталануын байқады. Бірнеше ұрлық қылмысы, оның ішінде қызметтік ғимаратқа кіріп жасағаны үшін баукеспе ұрыға ең көп мерзім - мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.