14:02, 30 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Жоғалған AirAsia ұшағын іздестіру кезінде адам мүрдесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Іздестіру шаралары барысында Калимантан аралынан батыс жақта А320-200 ұшағының жолаушысы болуы мүмкін адамның мәйіті, құтқару жилеті, жүк және ұшақтың бөлшектері табылды. Бұл туралы сейсенбі күні индонезиялық БАҚ хабарлады.
Осыған дейін хабарланғандай, Индонезияның әскери-әуе күштері ұшақтың қанатын тапқан. Ол жоғалған лайнерге тиесілі деген болжам болған. Ұшақ қанатына ұқсас зат Калимантан (Борнео) аралында табылғаны атап өтілді. Өзге де ірі нысандар табылды. Олар ұшақ соңғы рет радардан көрінген жерден шамамен 10 шақырым жерден табылғаны хабарланды.
Австралиялық авиациялық сарапшы Нил Хэнсфорд лайнердің жоғалуына адам факторы себеп болуы мүмкін деген болжам айтады, деп жазады ТАСС.