Жоғалған мигрант балаларға қатысты зерттеу Еуроодақтың журналистика саласындағы сыйлығын жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Ондаған мың мигрант баланың жоғалып кетуіне қатысты зерттеудің авторлары Дафне Каруана Галицияның 2024 жылғы журналистика саласындағы сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі euronews-ке сілтеме жасап.

Голландиялық журналист Геесье ван Хареннің жетекшілігімен жүргізілген Lost In Europe зерттеуінде 2021 жылдан бері Еуропаға келген мигрант балалардың жыл сайын орта есеппен 47-сі жоғалып кететіндігі анықталды.
Зерттеу 31 елде, соның ішінде Австрия, Германия және Италияда құжаттама мен есеп берудегі сәйкессіздіктерді көрсетті. Бұл жоғалған балалардың нақты саны одан да көп болуы мүмкін деген күдік туғызды.
- Тіпті 51 433 бала жоғалып кеткендігі жайлы айтылады. Соңғы рет 2021 жылы зерттеу жүргізгенімізде 18 мың бала ғана із-түзсіз жоғалған. Осылайша, жоғалғандар күрт көбейіп отыр, - дейді Геесье ван Харен.
Зерттеу балалардың көбі адам саудасының құрбанына айналатынын көрсетті.
Lost In Europe командасы Страсбургте өткен салтанатты шарада Еуропарламент атынан марапатқа ие болды.
Осыған дейін Нотр-Дам шіркеуіне кіру ақылы болуы мүмкін екені туралы жаздық.