Жоғарғы сотта сот саласындағы мониторинг жұмыстарына байланысты арнайы семинар өтті

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Жоғарғы сотта сот саласындағы мониторинг жұмыстарына байланысты арнайы семинар өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында еліміздің сот саласының өкілдері әділ сот қызметін қамтамасыз етудегі мониторинг шараларының рөліне байланысты шетелдік сарапшылардың әлемдік тәжірибе негізінде жасаған баяндамаларын тыңдап, осы мәселеге байланысты өзара пікір алмасты.

Шараны ұйымдастырушы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің көмекшісі, Тиімді басқару және аймақтық даму департаментінің жетекшісі Екатерина Паниклованың айтуынша, бүгінгі шара тәжірибе алмасуға арналған. «Себебі сот жүйесінің мониторингі әлем бойынша алғанда ең қиын салалардың бірі. Әр мемлекеттің сот жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттері бар. Сондықтан бұл өте жан-жақты әрі түбегейлі қарастыруды қажет ететін түйткілді мәселе. Оның үстіне сот тәуелсіз жүйе болып табылады. Ал тәуелсіз жүйеге немесе үдеріске мониторинг жүргізу өте қиын және онда қашанда күрмеулі мәселелер көп болады. Осы тұрғыдан алғанда біз бүгінгі жиын барысында мониторингті кім қалай жүргізеді деген мәселеге емес, оның сапасына баса көңіл бөліп отырмыз», деді департамент жетекшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі басқосуға қатысып отырған сарапшылардың сот саласындағы мониторинг жұмыстарынан тәжірибелері зор. «Сондықтан отырысқа қатысушылар олардың баяндамаларынан көп құнды мәліметтер мен ақыл-кеңестер алады деген ойдамын», деді халықаралық ұйым өкілі.

Соңғы жаңалықтар