Жоғары аудиторлық палата елдегі екі ірі қорды тексереді

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов келер жылы тексерумен қамтылатын қорларға қатысты түсінік берді. 

Әлихан Смайылов
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Бізде бюджеттен тыс қордың саны 18-ге жеткен. Оның негізгілері — Ұлттық қор, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, сондай-ақ Қаржы министрлігіндегі екі қор (Арнаулы мемлекеттік қор, Зардап шегушілерге өтемақы төлеу қоры). Былтыр Медициналық сақтандыру қорын тексердік және сол аудиттің қорытындысы жарияланды. Биыл БЖЗҚ мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын тексердік. 2026 жылы Қаржы министрлігінің жанындағы екі қорды тексермекпіз, — деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жақын арада бюджеттен тыс қорларға қатысты тиімді аудитті жүргізу үшін арнайы әдіснамалық нұсқама дайындалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тиімділігіне жүргізілетін мемлекеттік аудит бойынша есепті жариялады

Айта кетейік, қайырымдылық қорларының ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірыңғай ақпараттық ресурс құрылады

Соңғы жаңалықтар