Жоғары аудиторлық палата: Қазақстанның бюджет тапшылығы 10 жылда болмаған абсолюттік мәнге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов былтыр Қазақстанның бюджет тапшылығы 10 жылда болмаған абсолюттік мәнге жеткенін айтты.

ақша теңге
Фото: Kazinform

— 2024 жылы республикалық бюджеттің нақты тапшылығы бастапқы жыл қорытындысынан асып 3,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 2,7 пайызын құрады. 2024 жылы республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы бастапқы жоспардан едәуір ауытқып, жыл қорытындысы бойынша 10,8 трлн теңге болды. Бұл 10 жылдағы ең үлкен абсолюттік мөлшер болып отыр, — деді ол Мәжілісте өтіп жатқан отырыста.

Үкіметтің жоспары бойынша мұнайға қатысты емес бюджет тапшылығы жыл сайын азая түсу керек еді.

— Бұл мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасының 2030 жылға қарай мұнайға қатысты емес бюджет тапшылығын 5 пайызға дейін төмендету мақсатын орындалатынына күмән тудырып отыр, — деді ол.

Еске салсақ, өткен аптада ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім күшіне енген болатын

Соңғы жаңалықтар