Жоғары оқу орындары тарихында алғаш рет С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің оқу озаттарына 1000 нетбук тапсырылатын болды

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - «22-23 қарашада еліміздің барлық медициналық жоғары оқу орындарында студент жастардың және ғалымдардың, медициналық қоғамдастықтың, практикалық денсаулық сақтау саласының, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінің шақырылуымен кең ауқымды акциялар өтеді»,
None
None

деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш шара Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылуда және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып отыр. Жастардың аталмыш диалог алаңдары студенттердің ең көкейтесті, оның ішінде білім беру сапасын арттыру, Болон процесі шеңберінде студенттердің академиялық жинақылығын дамыту, студенттік жатақханамен қамтамасыз ету, болашақ кәсіби қызметтің келешегі туралы және өзге де бірқатар өзекті мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді.

Кездесулерде Қазақстанның денсаулық сақтау саласының 20 жыл ішінде қалыптасқан жетістіктері туралы таныстырылымдар ұсынылып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын тиімді жүзеге асыру бойынша кең көлемді мәселелері талқыланады. Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының студент жастары барлық студенттерге салауатты өмір салтын насихаттауға және оның принциптерін өздері өнеге етуде белсенділік танытуға үндейтін болады. Оқу орындарында футбол, волейбол, баскетбол, армрестлинг, дзюдо сияқты 14 спорт түрінен университет кубогына спартакиада өтеді.

Бұған қоса шара аясында «Электрондық университеттердің» таныстырылымы өтіп, онда университетті басқаруда IT-технологиялар енгізу, бірлескен компьютер желісін дамыту, ақпараттық-басқару жүйесін құру бойынша тәжірибелер таныстырылатын болады. Электрондық университеттердің жұмысы шеңберінде ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап барлық медициналық жоғары оқу орындарында (оқу ғимараттары және жатақханалардың аумағында) Wi-FI зонасы жұмыс істей бастайды (кіру шектелмеген).

Жоғары оқу орындары тарихында алғашқы рет С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің оқу озаттарына 1000 нетбук тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар