12:56, 28 Шілде 2025 | GMT +5
Жол апатына түскен Шавкат Рахмоновтың зайыбы мен ұлының жағдайы қалай
АСТАНА. KAZINFORM – Жол апатына қатысушылар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында жатыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасында Мойынқұм ауданындағы апаттан кейін ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы баяндап берді.
— Зардап шеккендер Шу қалалық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, оларға бас сүйек-мидың жабық жарақаты және мидың соғылуы алдын ала диагнозы қойылды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Олар клиникалық хаттамаларға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Айта кетелік «Алматы-Екатеринбург» тас жолында жол апаты болған еді.