Жол апатынан кемінде 25 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда 2 жолаушылар автобусы мен 2 жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 25 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алды.
None
None

Бұл туралы шетелдік БАҚ Пәкістан полициясы өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Көлік апаты елдің оңтүстік-батысындағы тас жолда орын алған. Полиция мәліметтеріне қарағанда, автобус қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігіне соқтысқан. Ал оларға тағы бір автобус пен жүк көлігі келіп қағылған. Осыдан кейін өрт орын алған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, автобустарда ыдыстарға құйылған конрабандалық иран бензині мен дизель отыны болып, соның салдарынан өрт шыққан.

Соңғы жаңалықтар