Жол картасы аясында бөлінген қаражатқа еліміздегі жұмыссыздық мәселесін толық шешуге болатын еді - Есеп комитеті

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жол картасы аясында бөлінген қаражатқа еліміздегі жұмыссыздық мәселесін толық шешуге болатын еді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы барысында Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет төрағасының айтуынша, былтырғы жылғы бюджеттің атқарылуын бақылау барысында дағдарысқа қарсы шараларға және Жол картасына бөлінген қаражаттың пайдалануын бағалауға көбірек назар аударған. Бұндай бақылаудың қорытындысына сәйкес, көп жағдайда қаражат түпкілікті тұтынушыға жетпей, басқа мақсаттарға жұмсалып кеткен.

«Жалпы, Жол картасындағы мақсаттарды Елбасы ерекше атап, оған 140 млрд. теңге шамасында бюджет қаражаты бөлінді. Ал бүгінгі күні Үкімет осы қаражатты игеріп, жұмыссыздықты бір пайызға төмендеткенін алдыға тартады. Шындығында, мұншалықты қаражатты тиімді пайдаланса еліміздегі жұмыссыздық проблемасын мүлдем жоқ қылуға болар еді», деді О. Өксікбаев.

Оның айтуынша, Жол картасын жоспарлау кезінде Үкімет іс-шараларды іске асырудың мерзімін айқындамаған. Бұлардың құнын, бірлесіп қаржыландырудың көлемін анықтау шаралары да дер кезінде қабылданбаған. «Біз тексеріп шыққан өңірлердің барлығында жұмыссыздарды қайта оқытуға бөлінген қаражаттардың толық игерілмей қалғаны анықталды. Бірқатар облыстарда бұл қаражат басқа мақсатқа жұмсалып кеткен. Мәселен, жұмыссыздарды қайта оқытуға қатысты 14 млрд. теңге қарастырылса, бұның 9,7 млрд. теңгесі ғана игеріліпті. Онда да қаражаттың 80 пайызы мақсатсыз жұмсалған. Яғни, біз бюджеттен 14 млрд. теңгені жоспарлаймыз да, ол қаражатқа кімді оқытатынымызды білмей дал болған секілдіміз», деді О. Өксікбаев.

Есеп комитетінің деректеріне сүйенсек, былтырғы жылы еліміздің 8 өңірінде Жол картасының іске асу барысы тексерілсе, осының өзінде 8 млрд. теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталған.

Соңғы жаңалықтар