Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 11754,6 млн. теңгені құрайтын 241 жобаны жүзеге асыру қарастырылуда - Ақтөбе облысы

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ақтөбе облысында «Жол картасы» инвестициялық бағыты шеңберінде жалпы құны 11754,6 миллион теңгені құрайтын 241 жобаны жүзеге асыру қарастырылуда.

 «Жол картасы» бағдарламасы аясында 11754,6 млн. теңгені құрайтын 241 жобаны жүзеге асыру қарастырылуда - Ақтөбе облысы

Сонымен қатар, өңірде 24 200 жаңа және 3368 әлеуметтік жұмыс орны жоспарланып, жастар тәжірибесіне - 1926, қайта дайындықтан өтуге 4964 адам жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ағымдағы жылғы қыркүйектің 10-ындағы мәліметтерге  сәйкес «Жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаржының 9574,4 миллион теңгесі игерілді. Бұл қарастырылған жылдық соманың 81,5 пайызын құрайды. Ал жаңа жұмыс орындарын құру 100 пайызға толығымен орындалса, 22009 адам немесе осы жұмыс орындары 90,9 пайызға қамтылған. Сонымен қатар, жастар тәжірибесіне жас мамандарды жіберу де 100 пайыз жүзеге асып, кәсіби дайындыққа және қайта дайындықтан өтуге 5126 адам жіберіліп отыр. Бұл яғни жоспардан 3,3 пайызға артық.  Олардың 685-і оқуын аяқтаса, 289-ы жұмыспен қамтамасыз етілген.