Жол картасы бойынша жұмыс істейтін атыраулықтарға 15 мың теңге ғана жалақы берілмек
«Биыл Жол картасын жүзеге асыру үшін барлығы 3,8 млрд. теңге бөлінді. Оның 2,5 млрд. теңгесі - республикалық бюджеттен және 1,3 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Жол картасында 11 жоба жүзеге асырылады. Оның ішіндегі ең ірісі - Атыраудағы су тазарту мекемесі мен су жіберу жүйесінің құрылысы», - деді Р.Әдиетов.
Алайда, оның айтуынша, «Азия-Маркет» ЖШС-і жүзеге асыруға тиісті дәл осы жобаның жұмыстары баяу жүріп жатыр. Оның себебі қаладағы жұмыссыздыққа тіркелген 2006 адамның ішінен тек 67 адамды ғана жұмысқа тарту қолдан келген. Жұмыстан бас тартқандарының себебін олар ЖШС ұсынып отырған жалақының тым төмендігімен түсіндіреді.
Кеңеске қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов мәселенің мәнісін шешіп, жалақыны Жол картасының 2009 жылғы ең аз мөлшері 30 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.