«Жол картасы»: нақты көмек, нақты іс ? ШҚО

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат – Бүгін Шығыс Қазақстан облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев келді. Оның жанында бірқатар салалық ведомстволардың вице-министрлері жүр. Жұмыс сапарының мақсаты – ел Үкіметінің «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі дайындық жұмыстарымен танысу,

«Жол картасы»: нақты көмек, нақты іс ? ШҚО
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, оның орындалуы мамырдың 1-нен басталады. Осы мақсат үшін республикалық бюджеттен 13 млрд. теңге бөлінсе, облыс тарапынан қаржыландыру 3 млрд. теңгені құрады. Әлеуметтік сала нысандарын, жолды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, сондай-ақ жұмысшы мамандығына қайта даярлауды ұйымдастыру жопарлануда.Облыс бойынша 307 білім беру нысанына, жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның ішінде 68-і -Өскеменде. 58 нысан күрделі, 294 нысан ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Осы мақсатқа 1,7 млрд. теңге жұмсалмақ.Сапар ауқымында вице-премьер жөндеуден өткізіліп жатқан № 7 мектепте болды. Мектеп директоры Галина Никифорова «бұл - біздің мектепті қолдауға көрсетілген нақты көмек. Мемлекеттің мұндай мүмкіндігіне біз өте қуаныштымыз», -деп атап өтті.Сондай-ақ Ербол Орынбаев облыстық аурухананың көз микрохирургиясында болды. Аталған медициналық мекеменің жұпыны жағдайын бұған дейін де бірнеше рет көтерген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа облыстық аурухана қажет екендігін Үкімет басшысы орынбасарының есіне салды.«Жол картасы» ауқымында медициналық мекемелер үшін бөлінген қаржының жалпы көлемі 2,5 млрд. теңге құрайды. Жөндеуге жататын 93 нысанның 63-і - қалада, ал 30-ы - ауылдық жерлерде.Ербол Орынбаев облыстық онкологиялық диспансерде болып, ондағы медициналық бөлмелер мен орнатылған қондырғыларды көрді.«Жол картасы» қаржысы 7,3 мың адамды мамандыққа қайта даярлауға жетеді. Бұл туралы вице-премьер №1-ші кәсіптік лицейде болған кезде сөз етті. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстанда жыл сайын 4 мың адам қажетті мамандықтар бойынша қайта даярлаудан өтеді.