«Жол картасы» Оңтүстік Қазақстан үшін маңызды бағдарлама болып отыр

ШЫМКЕНТ.   Қыркүйектің 2-сі.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан  облысында «Жол  картасы»  бағдарламасы  аясындағы 754 инвестициялық   бағдарламаны   жүзеге асыруға     қарастырылған   25,7   миллиард теңгенің 15 миллиарды тамыздың 1-індегі жағдай  бойынша игеріліп   болды,

«Жол  картасы»  Оңтүстік Қазақстан   үшін маңызды   бағдарлама   болып отыр

деп    хабарлады    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің  орынбасары Ерлан  Айтаханов.

«Жол  картасы»   біздің  облыс  үшін   адамдар мен  елді мекендердің  әлеуметтік-экономикалық    проблемаларын шешудегі  бірінші кезектегі маңызды   бағдарлама   болып отыр», - дейді  Е.Айтаханов.  Бағдарлама  аясында   37 657   жаңа жұмыс   орны құрылды,  7 мыңға  жуық  маман   жұмыспен қамтылды.    5052  адам қайта  мамандануға жіберілді.   13 мыңнан астам адам  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы  бойынша жұмысқа алынды.

 Е. Айтаханов сондай-ақ,  әкімдік ұйымдастырған «Оңтүстіктің игі  істері»    акциясы    да үлкен   өрлеу  туғызғанын  атап      өтті.  «Ардагерлерге,   партия өкілдері мен   үкіметтік емес ұйымдарға   «Жол  картасы» аясындағы жобаларды  жүзеге асырудың  нақты жетістіктері  көрсетілді.  Олар - мектептер,  көпірлер, жаңа  жолдар,    өндірістік  қуаттар және  басқа да ондаған нысандар.  Осының барлығын өз көздерімен  көргендермен    әңгімелескенде,  адамдардың көңілдерінің    көтеріңкі екенін     сезбеу мүмкін емес»,  дейді  әкімнің  орынбасары.