«Жол картасына» сәйкес жұмыстар бұдан былай да жалғасады - министр Г.Әбдіқалықова

ОРАЛ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елімізде «Жол картасына» сәйкес жұмыстар бұдан былай да жалғасады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйектің 8-інде мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездескен министр бүгін Орал қаласында күрделі жөндеуден өткізілген Жеңіс алаңы мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған сәулетті №5 емханада болды. Сондай-ақ Г.Әбдіқалықова «Жол картасына» сәйкес Мәскеу көшесінде жаңадан төселген автожол, күрделі жөнделген №3 балабақшаға ат басын тіреп, жасалған жұмыс сапасына оң баға берді. Бұл ретте оралдық мердігерлердің өз істеріне үш жылға кепілдік беретіні, осы мерзімде ақау табылса, тегін ретке келтіретіні есепке алынды.

Биыл Батыс Қазақстан облысына «Жол картасына» сәйкес 5498,4 млн. теңге қаралса, соның қомақты бөлігі игеріліп отыр. Әлеуметтік сипаты басым, елдің көңілінен шығып отырған жоба алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар