Жол картасындағы әлеуметтік басымдықтардың бірі - мамандарды оқыту және қайта даярлау

ТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Өңірлік жұмыспен қамтылу стратегиясы, яғни «Жол картасы» аясында мамандарды даярлауға және қайта даярлауға айрықша ден қойып отыр.Елбасы биылғы Жолдауында әлемдік дағдарыс жағдайында еліміздің жұмыспен қамту стратегиясы кадрларды қайта үйрету және қайта даярлау
None
None

жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталатынын айтып, Үкіметке әкімдермен бірлесіп қазіргі бар оқу орындарының базасында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Жолдаудан туындаған міндеттерді орындау үшін «Жол картасында» 4093 млн. теңге республикалық бюджет қаржысы есебінен 23,5 мың маманды даярлау қарастырылып отыр. Мұның ішінде 20 мың маман мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту, ал 3,5 мың адам техникалық мамандықтар бойынша қазіргі ваканцияларды толтыру есебінен дайындалатын болады.

 Осы тұста республикалық бюджет есебінен техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы және басқа да мамандықтар бойынша кадрларды дайындау кеңейтілуі мүмкін екенін айтып өткіміз келеді. Ал жалпы қазіргі қолда бар мәліметтерге сүйеннсек, облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің өтініштерінің негізінде техникалық және еңбек қызметін көрсететін кадрларды дайындайтын мемлекеттік білім беру гранттары 17 мың 555 адамға ұлғайтылған. Жоғарыда гранттар есебінен 20 мың маман дайындалатыны айтқан болатынбыз. Сонда қалған 2455 гранттың тағдыры не болмақ? Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, кадрларды даярлау және қайта даярлау бағыты бойынша бірқатар облыстардың мемлекеттік тапсырыстарды төмендеткені бүгінде көкейкесті мәселе болып отыр. Сондықтан қалған 2 мың 445 орынды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қайтадан бөлу керек. Кадрларды толық көлемде даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру мақсатында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін өтініштердің көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдаған жөн. Ал тұтастай алғанда оқуды қаржыландыру кепілдігінің жоқтығы және жергілікті бюджеттерден келесі жылдардағы оқуға кететін шығындардың өсімінен қауіптену мемлекеттік тапсырыстардың қысқаруының басты себебі болып отыр. Сонымен қатар, мамандықтардың тізіміне шектеулер қойылған.

Алайда, еңбек рыногында, қызмет көрсету, өзін-өзі жұмыспен қамту саласында, шағын және орта бизнесте шектеу қойылған мамандықтарға сұраныс бар көрінеді. «Бұл проблемаларды шешу үшін 2010 жылдың және одан кейінгі жылдардың бюджетінде «Жол картасы» бойынша қабылданғандарды оқыту үшін қосымша ақша қаражатын қарастыруды, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету, өзін-өзі жұмыспен қамту саласына арналған мамандар даярлау үшін мамандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынамыз. Мемлекеттік тапсырыс барынша қажетті мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды көздейді. Сондықтан облыс әкімдіктері бөлінген қаржыны толық көлемде игеру үшін түбегейлі шараларды қабылдаулары тиіс», - деді апта басындағы селекторлық кеңесте Ж. Түймебаев. Қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекеттің уақыт өзі ұсынып отырған мүмкіндікті пайдаланып кадрларды, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға және қайта даярлауға көңіл бөліп отырғаны расында да маңызды мәселе. Бұл үшін республикалық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, гранттар бөлінуде.

 Қазіргідей дағдарыс жағдайында азаматтарына мұндай мүмкіндікті екі мемлекеттің бірі жасап жатпағаны тағы бар. Осыны ескерсек, мұның өзі дағдарыс кезенде Үкіметтің оңтайлы экономикалық саясат жүргізіп жатқанын көрсетеді. Басқа да елдердегідей бүгінде Қазақстанның да еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкессіздіктер бар. Міне соның орнын толтыру үшін «Жол картасы» аясында мамандарды машықтандыруға жіті назар аударылып отыр. «Жол картасының» идеологиясы бойынша, жұмыстан босатылған мамандардың бір бөлігі мемлекеттік тапсырыстардың негізінде жаңа кәсіпті меңгеріп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға атсалысатын болады. Осы жұмысты жолға қою мақсатында қазір Білім және ғылым министрлігінің өтінішімен облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының білім беру басқармалары мамандарды мемлекеттік тапсырыс бойынша даярлауға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімдерін жасауда. Жалпы алғанда «Жол картасының» аясында техникалық және сұранысы жоғары мамандықтарды оқыту , кадрларды қайта даярлау шаралары халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік әлеуетін төмендетпеу мақсатында жасалып жатыр. Егер Үкімет «Жол картасы» аясында алға қойған мұратына жететін болса, еліміздің дағдарыстан ширығып шығатынына, халықтың материалдық әрі білім әлеуетінің одан әрі артатынына сенім мол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум