Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жол-патрульдік полициясының инспекторы пара алғаны үшін ұсталды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясының инспекторы 30 мың теңге көлеміндегі пара алу кезінде ұсталды.

Жол-патрульдік полициясының инспекторы пара алғаны үшін ұсталды - Павлодар

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол қозғалысы ережелерін бұзушы полиция қызметкеріне алкогольге медициналық куәландырудан өтпеу үшін ақша төледі. 

Қызметтік тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Павлодардың № 2 соты инспекторды қамауға алу шешімін мақұлдады.