Жол полициясы құқық қорғау органдарының ішінде алғашқылардың бірі болып қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жалғандық детекторын пайдалануы тиіс
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның Ішкі істер министрлігінде өткен Алқа отырысында жол қауіпсіздігі саласында тәртіп орнатуды талап етті, бірінші кезекте жолдардағы жемқорлықтың көзін жоюды тапсырды.
Президент Ішкі істер министрлігіне бірқатар елдердің, соның ішінде көршілердің де тәжірибесін үйреніп, қолданысқа енгізуді тапсырды. «Жол полициясы қызметін ұйымдастыруды және оның мәртебесін өзгерту қажет. Полицейлердің жол қозғалысына қатысушылармен байланыстарын барынша қысқарту қажет», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Президенттің ойынша, қазіргі күні анықталған бұзушылықтардың үштен бірі техникалық құралдардың көмегімен анықталады. Н.Назарбаев атап өткендей, жол полициясы құқық қорғау органдарының ішінде алғашқылардың бірі болып қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жалғандық детекторын пайдалануы тиіс.
«Мұндай техникалық құралдарды пайдалануды заңды түрде рәсімдеу қажет», - деп қорытты Мемлекет басшысы.