Жолаушылар автобусының жүргізушісі есірткі пайдаланған
ҚОСТАНАЙ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда есірткі қабылдап алып, жұмысқа шыққан жолаушылар автобусының жүргізушісі қолға түсті.
Қостанай облысы ішкі істер департаментінің басқарма бастығы Елена Кашаринаның хабарлауынша, 35 жастағы жүргізушіні есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері құрықтаған. Күдікті азамат облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысатын «Мерседес» маркалы автобусты жүргізген. Сараптамалық зерттеулер есірткі пайдалану фактісін растап шыққан. Тексеру барысында жүргізушіден 2 грамға жуық героин табылды.
«Оны ұстау барысында ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық танытты. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті Е. Кашарина.