Жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған учаскедегі пойыз қозғалысы таңертең қалпына келтіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған учаскедегі пойыз қозғалысы таңертең қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚТЖ.
None
None

«Ұлттық темір жол компаниясы аталған учаскеде көлік қозғалысын жандандыруға қажетті шараларды қолданып жатыр. Пойыздардың қозғалысы таңғы сағат 6 кезінде қалпына келтіріледі деп жоспарлануда», - дейді компанияның баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуір күні «Сағыз - Мақат» учаскесінде "Алматы - Атырау" бағыты бойынша бет алған № 41 жолаушылар пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен болатын . Келіп түскен ақпаратқа қарағанда, 7 адам ауруханаға жатқызылған. Қаза тапқандар жоқ. ҚР Бас көлік прокуратурасы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады .

Жолаушыларды көшіруге автокөліктер мен қосымша вагондар жөнелтілді. Атырау облысының әкімдігі мен ҚР ТЖМ көмегімен барлық зардап шеккен жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ»ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум