12:06, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5,5 млн.-нан астам жолаушыны жөнелтіп, 120 мыңнан астам электронды билет сатты
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ 5,5 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл өткен жылдың 4 айындағы деректермен салыстырғанда 14,3 пайызға жоғары. 2011 жылдың дәл осы кезеңінде жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 4,8 миллионнан астам жолаушыны құраған.
Сондай-ақ электронды билеттердің қарқынды өсу үрдісі байқалып отыр. Сонымен осы жылдың 4 айы ішінде сатылған электронды билет саны 120 029 дананы құрайды. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңінде 20 131 электронды билет сатылған.