Жолаушылар ұшағына елорда әуежайына қайта оралуға тура келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуе компаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты ұшу әуежайына Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
None
None

Әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды.

Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.


Соңғы жаңалықтар