15:36, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жолбарысты өлтіргені үшін қытайлық браконьер 12 жылға кесілді
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Қытайдың Юньнань провинциясының тұрғыны Кан Ваньянянь жер бетінен жоғалып бара жатқан жолбарыстың түрін өлтіргені үшін 12 жыл түрмеге кесілді.

Сот сондай-ақ, оны 100 мың юань (14,5 мың доллар) көлемінде айып төлеуге және ел экономикасына келтірген шығынды өтеу үшін тағы 480 мың юань төлеуге міндеттеді.
Айыпталушының айтуынша, ол жануарды, қараңғыда байқамай атқан. Сөйтсе ол, жолбарыстың сиреп кеткен түрі - үндіқытай жолбарысы болып шыққан. Дегенмен, тергеу терісі қара базарда қымбатқа бағаланатын жолбарысты өлтірудің айқын браконьерлік факті екенін дәлелдеді.